Абайдың Ұлылығы

94924091_R1294924091_R1294924091_R12

Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашанда біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс.
Н.Назарбаев

Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін салған… бүгінгі түсінігіміздегі шын ақын дәрежесіне көтерілген тарихи адам.
Луи Арагон

Абай тілінің кеңдігін, өткірлігін қазақ тілінің кеңдігі , өткірлігі деп аңлау керек. Бұл тілдің байлығы , әдемілігі, Абай өлеңдері арқылы ашық көрінеді.
Әбдірахман Сағди.
«… Біз орыстар Абайды ұлы ақын және туысқан қазақ әдебиетінің негізін қалаушы деп қана емес, орыс халқының ұлы осы деп те қастерлейміз. Және оның жарқын бейнесі, алып тұлғасы алдында зор құрметпен тағзым етеміз.
Л.Леонов.

… Мен Абайды Ломоносовпен тең қояр едім. Себебі Абай өзінің қажырлы еңбегінің арқасында білімнің биік шыңына шықты, ағарту мен мәдениеттің негізін қалады. Абай қазақ қоғамының арасына жалпы адамзаттық өркениеттің, мәдениеттің ұрығын шашты. Бәрімізге мәлім Абай ғана қазақ халқын орыс әдебиетімен таныстырудың алғашқы бақытына ие болды. Ол бірінші болып Пушкинді Лермонтовты, Крыловты қазақ тілінде сөйлетті.
Феликс Кузнецов

Башқұрттар үшін қазақ жазба поэзиясының алғашқы хабаршысы, алғашқы дауысы Абай Құнанбаев болды. Ол біз үшін қазақтың ішкі жан-дүниесін бірінші болып ашты. Оның өлеңдері біздің рухани тұрмысымыздың бір бөлшегіне айналды. Ол сіздің Абай. Ол біздің Абай. Ол адамзаттың Абайы. Абай тек қана ұлттық әдебиеттің ғана емес, бүкіл әлемдік әдебиеттің шыңынан көрінген адам. Ал шыңдар алыстан көрінеді және өзіне тартып тұрады. Абай интеллектісінің қуаттылығына, жан-дүниесінің кеңдігі және поэтикалық қиялының шексіздігі мен тереңдігіне еріксіз таң қаласың. Ол Шығыс, батыс және орыс мәдениетімен тығыз байланыста болды.
Мұстай Кәрім

Абай қазақ халқы үшін теңдесі жоқ ұлы құбылыс. Ол қуатты ақылдың адамы, құдіретті талант иесі, поэзия баһадүрі.
Қайсын Құлиев

Қазақ ағартушыларының қатарында Абай несімен ерекше? Ең алдымен – адамгершілік, рухани тазару және тәрбие міндеттерін маңдай орынға қойғандығымен. Оны «қазақтың бас ақыны» (А.Байтұрсыновтың сөзі) еткен ақындық дарынның бар күші, ағартушылығының бар қуаты тікелей һәм жанама осы міндетті орындауға бағышталды. Абай өз айналасынан надандықты, рухани мешелдікті, адам табиғатына тән жиіркенішті қылықтарды көп көрді. Рухани азғындықты ауыздықтаудың жолын, жақсылық пен ақыл-сезімнің салтанатын Абай еңбек пен оқудан көрді.
Сергей Кляшторный

Абай Құнанбаев — өз талантының тереңдігі мен үлкендігіне қарай әр дәуірдің адамы. Ақын, философ, музыкант, ағартушы-ғалым, басқа да көптеген қырларымен ол бізге тұтастықтың қажеттілігін айтады. Өнер мен өмірдің жасанды бөлінуі ол үшін жат. Оның жалпы тақырыбы – махаббат, бақыт, үміт, қайғы.
Ұлттың бітім-болмысын Абай Құнанбаевтан артық қорғаушы да, қамқоршы да табылмайды. Абай ұлттың тіл ерекшеліктерін, басқа да көптеген мәдениеттің тілдерімен бір ырғаққа келтірді. Рабиндранат Тагормен бірге ол «даралықтың қымбатталығы – сол арқылы біздің жалпы көпшілікті тани білуімізде» екендігін түсінді. Пушкин сияқты Абай да ұлттың әдеби дәстүрді тудырушы ретінде әдебиеттің тек өткенді еске сақтау ғана емес, жаңаны тудырушы екендігін айтады. Абай оқу-білімінің адамды басыбайлықтан босату үшін үлкен маңызы бар екенін түсінді.
Федерико Майор

Ұлы ақын бізбен мәңгі қоштасқанына бір ғасыр болыпты. Алайда оның бізге қалдырып кеткен асыл мұрасы барған сайын нұр шашуда. Ұлы адам ұлағаты қазақ халқы арасында емес, өзге ұлттарға шапағатын тигізді. Әрине, Абай феномені көрші қытай халқына да белгілі дәрежеде ықпал етті.
Хуан Жунсян.

Абай қазақ қоғамының түрлі әлеуметтік топтарының өмірін шебер суреттей отырып, ел басшыларының зұлымдық, екіжүзділік, имансыздық қасиетін әшкерелейді. Сондай-ақ, ақын өлеңдерінде қазақтың кедей тұрмысы алдыңғы қатарлы елдердің ауыл шаруашылығндағы, саудадағы, өнеркәсіптегі озық тәжірибесінен өнеге алғанда өсетінін, дұрысталатынын айтады. Мұны біз оның өлеңдерінен қарасөздерінен көреміз. Осы шығармаларында ол еңбек адамын асқақтата жырлайды. Абайдың лирикалық шығармаларынан біз оның қайталанбас қолтаңбасын аңғарамыз. Ол қазақ поэзиясының тақырып ауқымын кеңейтті , әдебиетте жаңа формалар тапты. Ауызекі тіл мен халық ауызәдебиетінің құнарлы байлығын пайдалан отырып, ол қазақ поэзиясының көркемдегіш құралдарын биік дәрежеде жетілдірді, шығарманың ішкі жүйелік құрылымына сәйкес жаңа өлең пішіндерін өмірге әкелді.
Рам Ратан Шарман (Үндістан)

Отарлау дәуірінде Абай жай ғана қазақ ақыны ретінде қаралды, бірақ оның жан-жақты ойлары бүкіл Түркістанның ақын, ойшылы екенін , тіпті барлық Шығыс мұсылмандарының ақыны екенін дәлелдеді. Оның философиясы патшалық дәуірде емес, большевиктік кезеңде де бүкіл түріктің жан-дүниесінің бөлігі бола алмады. Тек қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өсиеттері әлемдік мәдениеттің бөлігіне кірді.
Баймырза Хайт (Германия)

Біздің бәріміз абай туралы айтамыз, барлық түркия Абай туралы айтады, егер білмесе білетін болады. Біз Абай туралы айтқан кезде тек қана сөйлеп қоймаймыз, өзіміз оны зерттейміз. Абай – біздің байлығымыз… егер Абай барлық түркі тілдес халықтардың ақыл-ойында болса, біздің мәдениетіміз Абаймен байиды. Абай бізге керек, ол қазақтарға да керек, түріктерге де қажет. Егер Абай өлеңдерін оқыса, ол бар ислам әлеміне қажет, ол барлық адамзатқа қажет.Абайдың ойларын барлық әлемдегі адамзат білуі керек.
Намық Кемал Зейбек (Түркия)
Абайдың даңқы тек қазақстанмен шектелмей, басқа да көптеген елдер сияқты Қазақстанмен ортақ мәдени мирасқа ие Түркияда да танымал һәм сүйікті.
Танер Себен

Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі. Абай – 19 ғасырдың нағыз белбаласы. Ал, 19 ғасыр – ұлттық сананың ояну ғасыры. Әлемнің түрлі түкпіріндегі, оның ішінде менің Отаным Венгряиядғы тәуелсіздік үшін күрес ғасыры. Жеке адамның, тұтастай халықтардың мәңгілік мәселелер жайлы қасіретті де қасиетті толғанысқа шомған ғасыры. Абай заманы сондай заман.
Миклош Яцкович

Венгрияның Қазақстандағы Төтенше әне өкілетті елшісі Абай қараңғы қазақ даласындағы жарық жұлдыз, Түркістан бірлігінің белгісі болды.
Мұстафа Шоқай

Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа
Сұлтанмахмұт Торайғыров

Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышпан, хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті.
Шәкәрім Құдайбердиев

Біз Абайды анық өз заманындағы қазақтың заттық, әлеуметтік және рухани тіршілігінің энциклопедиясын берген дана классик деп толық бағалай аламыз. Абайдың поэзиялық мұрсына қоса қара сөздері беретін әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қазына бар. Ол – Абайдың осы қара сөзді жазған тілі. Өлең сөзінде өзінің барлық шеберлігі , жаңалығы, көркемдік таланты бойынша қазақ тілінің сапасын әдебиет тілінің дәредесіне көтерген ұлы тарихтық еңбегі қандай болса, қара сөздерінің тілімен де Абай осындай еңбекті біздің мәдениет тарихымызға мол сіңірді. Біздің осы күнгі сөйлеп, жазып жүрген әдебиет тіліміздің тарихын жалғыз ғана Абайдан басталады деп кесіп айтпасақ та, сондай сапалы тілді қазақтың жазба әдебиетінде анық биік белге өрлетіп шығарған Абай екені даусыз.
Мұхтар Әуезов

Абай кітаптары әлемдік әдебиеттен белгілі орын алған кемеңгер ойшыл, адам баласын шындыққа, игілік іске, еркіндікке шақырған ұлы ақын.
Әлкей Марғұлан

Абай тек қана поэзия тілін түзіп берген жоқ, жалпы тіліміздің орамдылығын, бейнелеу шеберлігін, сөйлем құрылысындағы әр сөздің өз орнын , сөйлемдегі ой салмағын қайда, қалай қалауын да үйретіп кетті.
Ғабит Мүсірепов

Абай – халқының, оның ұлттық өмірінің символы. Оның өлмес творчествосында халық рухының жарқын күші, қайғысы мен қуанышы сақталған. Ол соның бәрін көркем сөздің күшімен бейнелеп, бүкіл адамзат мәденгиетінің тарихына қосты.
Серік Қирабаев

Абай — әлемнің қай бұрышынан қарасаң да, көзге түспей қалмайтын рухани Алатауымыз. Ол – біздің ар-намысымызға, өмірлік өлшемімізге, ұлттық парасат-пайымымызға айналған асқаралы абызымыз. Пікіріміздің пірі, рухымыздың туы. Абай – қазақ тарихындағы, әсіресе оның рухани тарихындағы аса айшықты, аса айбынды, шын мәніндегі ренессанстық тұлға. Бүгінгі таңда абай мұраларын тек бір халықтың, тек бір мемлекеттің көлмінде ғана емес, дүниежүзілік өркениет ауқымында ақарстыру қажеттігін айрықша атап айтар ем. Абайды тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынан аса алмаған кездеріміз болды. Енді заман өзгерген шақта азат елдің азат ойымен, азат жүрегімен, азат зердесімен Абайды тануға тиістіміз Әрбір қазаққа, шама-шарқынша, абайды тану – мұрат, Абай шыққан биікке талпыну – парыз.
Иманғали Тасмағамбетов

Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибрахим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ…
А.Байтұрсынов

Абайдың бүкіл ой-қиялына, әлеуметтік , ақындық ісіне дем беріп, шапағатты нәр алған арнаның бірі – халықтың өзі жасаған, ауыздан-ауызға тараған, баспа жүзінде сақталып келген қазақтың бағзы замандағы халық мәдениетінің бай мұрасы… Абайдың ақындығына рухани дем беріп , азық болған екінші арна – шығыс мәдениетінің тамаша мұрасы, араб-иран және түрік халықтарының классикалық поэзиясы… Үшінші арна – орыс мәдениеті, Европа мәдениеті…
М.Әуезов

Абайдың ұлылығы өз халқының мұқтажы мен болашағын әрі дұрыс, әрі көрегендікпен ұға білуінде жатыр.
Константин Симонов

Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң , сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен, оқшау, оладың сөзінен үздік, артық. Ол оқушылық, артықтық басқа ақындардан Абайдың жалѓыз сөзінде ғана емес, өзінде де болған… Көп нәрсені Абай сөз қылған, сол сөздерінің бәрін де Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңінен үздік, артықтығы әр нәрсенің бергі жағын алмай , арғы асылынан қарап сөйлегендіктен.
Ахмет Байтұрсынов

… Ғылымсыз, қара халық арасында, сахара қазақтары ішінде жалғыз жұлдыздай болып жанып шығып, тілі, оқушыларын оятатын өлеңдері оны бүкіл атырапқа мәшһүр етті. Шығармалары қазақша жазылды. Мейлінше мол еңбектенумен орыс тілін үйреніп, орыс әдебиетіне еркін жетіліп, достасып алды… тілі ләззатты, араб, парсы, түрік, қалмық тілдерінен хабардар, тарих, география пәндерінен мағлұматы кең болып, танымы ауқымды еді. Адамшылық ой – қиялы өте таза, ұлтжанды, елін – жерін сүйген кісі еді.
Міржақып Дулатов

… Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты. Орыс халқы мәдениетінің игі ықпалымен, әсерімен тамашадай байыта отырып, өз халқының ғасырлар бойындағы рухани мәдениетінен оның біздің заманға әкеліп жеткізгендері Абайдың атын мәңгі өшпестей дәріптейді, оның атын қазақтың классикалық мәдениетінің биік шыңының ұшар басына апарып қондырды.
Мұхтар Әуезов

… Абайдың қасиеті – ол өткен заманның ақыны емес, бүгінгі заманның ақыны, бүгінгі қазақ ақындарымен іргелес, бағыттас ақын. Абайдың әдебиеттегі өсиеті – шындық, шеберлік, адам баласына ортақ гуманизм, еліңді, Отаныңды сүю, не артқа тартып жатса, сонымен аянбай алысу
Ғабит Мүсірепов.

Абайдың ақындығы екі жүзді қанжардай. Бір жақ жүзі жібектен жұмсақ, күн шуағынан жылы тисе, екінші жүзі алмастай өткір, мұздан суық соғады. Тиген жерін отап кетеді, қырып түседі. Ақын екі жүзін бірдей жұмсайды.
Әбділда Тәжібаев

Абай – асқар ойлы кемеңгер. Оның үстінге ел көші қылыштың жүзіндей қырда туғанда дүние игілігі, адам игілігі үшін жар салып, ескіліктің қыруар бөгетіне қарсы шапқан қаһарман батыр. Ел арманы тұңғиықтан тербеп дін, ел басқару, салт-сана сүйіспеншілік мәселелерін өз ұғымына қарай жаңадан пішкен философ.
Темірғали Нұртазин

Абай — әлемдік әдебиеттен белгілі орын алған кемеңгер ойшыл, адам баласын шындыққа, игілік іске, еркіндікке шақырған ұлы ақын. Ақынның жазғандары өзінің бейнелі көркемдігімен сәулетті сұлу дүниедей адам көңілін баурап алса, оның мазмұныда жүрекке сәуле түсіргендей, жаңа бір қызықты, қуанышты дүниеге кіргізгендей болады.
Әлкей Марғұлан
… Әрбір ұлы ақын тәрізді Абайдың ұлылығы солай қай әдебиеттен үйренсе де жалаң шәкірт боп қалмай, данышпан ұлттық ақын болды.
Зәки Ахметов

Абай творчествосының дені – халықтың қамын жеген, демократтық идеядан нәр алған, өмірді сыншыл реализм бағытымен суреттеген шығармалар.
Тұрсынбек Кәкішев

АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ,
АБАЙДЫ ОҚЫ, ЕРІНБЕ,
АДАЛДЫҚТЫ КӨЗДЕСЕҢ,
ЖАТТАП ТОҚЫ КӨҢІЛГЕ
С.ТОРАЙҒЫРОВ

Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөзі атадан балаға, немереден шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндері Абай құрметі күннен күнге артылыр. Бірінші ақынымыз деп қадірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халық — пенен Абай арасы күшті махабатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар.
Міржақып Дулатов
Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Әуезов

94924091_R1294924091_R1294924091_R12

Оставьте комментарий