Абайдың ұлылығы,Абай туралы кітаптар, фильмдер, мақалалар

images (9)images (9)images (9)images (9)

• Абайдың өмірбаянына қосымша материалдар — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. “Абай Құнанбайұлының шығармаларының” 1940 жылы шыққан 2 томдық жинағының 2 томында жарық көрді.
• Абай — қазақтың ұлы ақыны (кітап) — («Жизнь и твор¬чество Абая (Ибрагима) Кунанбаева»), Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абай Құнанбаевтың «Лирикалары мен поэмалары» атты 1940 ж. «Художествен¬ная литература» баспасынан орыс тілінде жарық көрген жинағына жазған алғы сөзі. Кітап Л. Соболевтің редакторлығымен шыққан.
• Абай — қазақтың ұлы ақыны (кітап) — Мұхтар Әуезовтің туындысы (Б. Кенжөбаевпен бірге). Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты 1945 ж. жарық көрген.
• Абай аулында — Мұхтар Әуезовтің балалық шағына арналған көркем туынды. Авторы Т. Жұртбаев. 1987 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрген.
• Абай ақындығының айналасы — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Әдебиет майданы» журналының 1934 ж. 11-12-санында, сол жылы «Социалды Қазақстан» газетінің 30 желтоқсандағы нөмірінде жарияланды.
• Абай елі — альбом-шежіре. Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай 1994 ж. «Өнер» баспасынан шыққан.
• Абай елінде өткізілген мереке — Мұхтар Әуезовтың очеркі. Мұхтар Әуезовтың очеркі. Ұлы Абайдың 100 жылдық мерейтойында көрген-сезген жайлардан туған ойларын жазған. Очерк «Қазақ елі» журналынын 1945 жылғы 3-4-санында, кейін Мұхтар Әуезовтың 20 томдық шығармалар жинағында (18-кітап, 1985) жарияланды.
• Абай еңбектерінің биік нысанасы — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты жазылып, алғаш рет «Социа¬лист Қазақстан» (18. VIII. 1945), «Ленин туы» (23. VIII. 1945), «Алтай большевигі» (26. VIII. 1945) газеттерінде жарияланды.
• Абай жайын зерттеушілерге — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Семей облыстық «Екпінді» газетінің 1940 жылғы 17 шілде күнгі санында жарияланған.
• Абай жолы (мақала) — («Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың шағын мақаласы. «Литературная газетада» 1954 ж. 13 қарашада шыққан.
• «Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы — монографиялық зерттеу. Авторы З. Ахметов. 1984 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.
• «Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері — монография. Авторы Л. Әуезова. 1969 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.
• Абай Құнанбаев шығармашылығын зерттеудің маңызды мәселелері (мақала) — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет 1954 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1 шілдедегі санында жарияланды.
• Абай Құнанбаев қазақ халқының ақыны және ағартушысы — (10. VIII. 1945) газетінде жарияланған. Мақалада Абайдың ақындық өмір жолымен қалың окырманды таныстыру мақсат тұтылып, негізінен өмірбаяндық деректер қамтылған.
• Абай Құнанбаев (150 жылдық мерейтойына) — Мұхтар Әуезовтің ғылыми еңбектерінің жинағы. Абайдың 150 жылдық мерейтойына бай¬ланысты «Санат» баспасынан 1995 ж. жарық көрген.
• Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерейтойына әзірлік жөніндегі ойлар — Мұхтар Әуезовтің 1940 ж. жазған мақаласы Ә. Тәжібаевпен біріге).
• Абай (деректі фильм) — деректі фильм. 1954 ж. Алматы киностудиясы шығарған.
• Абай (диафильм) — диафильм. 1956 ж. Мәскеу «Диафильм» студиясы шығарған.
• Абай (жарнама кітапша) — осы аттас операның қойылымына арналған орыс тіліндегі жарнама кітапша. 1958 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі шығарған.
• Абай (кинодрама) — жазушының кинодрамасы. Қолжазба жазушы мұрағатында сақтаулы (№141-папка), араб әрпімен жазылған, көлемі 53 бет.
• Абай (М. Әуезовтың зерттеу еңбегі) — Мұхтар Әуезовтың 1933 ж. жазған зерттеу еңбегі. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралына» енген.
• Абай (әдеби журнал) — 1918 ж. Мұхтар Әуезов негізін салған (Ж. Аймауытовпен бірге) әдеби журнал. С. Шикібаев ұйымдастырған «Уақ қарыз серіктестігінің» демеуімен 12 саны жарық көрген.
• Абай (әдеби сценарий) — жазушының әдеби сценарийі. Автор Абайдың ақындық өнepiн суреттеуді шәкірт ақындар шығармашылығымен қатар өрбітуді мақсат еткен.
• «Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы туралы — («Как я работал над романами «Абай» и «Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Оқырмандармен кездесу кештерінде ойға оралған ой-пікірлері мен оқырмандар сұрауына қайтарған жауаптары негізінде, әсіресе М. Горь¬кий атындағы Әдебиет институтында оқитын студенттермен кездесу үстінде сөйлеген сөздері негізінде жазылған.
• Абайды білмек керек ойлы жасқа — Мұхтар Әуезов жазған оқу құралы. 1997 ж. «Санат» баспасынан толық нұсқасы жарық көрді. Кітап құрастырушы әрі ғалым М. Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі» деген көлемді алғы сөзімен ашылады.
• Аймақтану, білім арттыру — «Аймақтану, білім арттыру», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Жаңа мектеп» журналының 1929 жылы 11-санында жарияланған. Жазушының шығармалар жинағының 50 томдық толық басылымының 3-томында (1998) қайта басылды.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s