Абай лирикасы

Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін немесе образ үшін пайдаланады.
Хан, уәзір, аламан, абыз, жылыс, тоғыс, наурыздама сөздері көбінесе Қара сөздерінде тарихты баяндайтын тұстарда қолданылады. Ал, өмірге келген жаңа атауларды жатсынбай қабылдап, өзі де бұларға қоса жаңаларын жасайды (қ. Жаңа сөздер). Абай шығармаларының тақырыбына орай төл лексиканың ішінен этнографизмдерді де (шілдехана, үш тоғыз, қынаменде, ақшомшы, ықтырма, күзеу т. б.), көне киім-кешек, сауыт-сайман, құрал-жабдық атауларын да (дәндәку, жарғақ шалбар, пыстан, шақпақ, шөншік, дулыға, шарайна т. б.) пайдаланады. Сондай-ақ сыртқы тұлғасы жағынан көнерген сөздерді (мыс, Ұлы дегеннің орнына ұлық, кіші сөзінің орнына кішік, тураның орнына туғры тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық реңк үстеу сияқты белгілі бір мақсатпен қолданады. Дегенмен, Абай тұсында бірқатар сөздердің кенеру дәрежесі қазіргі көздегіден әлдеқайда солғындау болғаны байқалады. Мысалы, ағайын, туысқан мағынасындағы қарындас сөзі, ел, жақын және жат, алыс семантикалы алаш, әскери мағынасындағы қол сөздерінің әлі де осы ұғымдарда еркін және жиі қолданылғандығын сол көзеңдегі қазақ әдеби тілі де, Абай тілі де көрсетеді. Қоғам өмірімен етене қабысқан тіл, әсіресе, оның лексикасы сол қоғамның әр кезеңдегі тыныс-тіршілігіне орай өзгеріп отырады, яғни бірқатар сөздердің мағыналары ауысады, бірсыпырасы терминдік дәрежеге кетеріледі, енді бір алуанының қолданылу жиілігі артады. Бұл процеске қалам қайраткерлері белсене қатысады. Осы ретте Абайдың еңбегі көзге түседі.
Араб және парсы ықпалы:
Абай тілі лирикасының келесі қабаттары — араб және парсы сөздері. Бұрыннан қазақтың жалпы халықтық тілінде қалыптасқан шығыс сөздерін Абай жатсынбай, еркін қолданады. Олар дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге, әкімшілікке, сауда-саттыққа т. б. қатысты болып келеді. Араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі сияқты, Абайда да дерексіз ұғым атаулары құрайды (ар, абырой, мейір, нала, парыз, қаһар, қиял, қудірет, дәурен т. б.). Абай тілі лирикасының бір ерекшелігі — мұнда қазақ тіліне енбеген араб-парсы сөздерінің де қолданылғандығы. Олар, негізінен, Абайдың қарасөздерінде, онда да барлығында емес, тақырыбына қарай белгілі біреулерінде ғана шоғырланған. Ол шығармалар жүрегінің қуаты перзентлеріне арналған атақты Отыз сегізінші сөзі мен қазақ оқырмандарына иман деген — алла табарақа уатағаланың… жарлығына… мойынсұнып, инанмақ» екенін баяндаған 13-сөзі. Бұларда философия мен моральға қатысты ой-пікірін айтуда автор осы салалардағы ұғымдардың араб тілінде қалыптасқан атауларын қазақшаламай, сол күйінде пайдаланды.
Орыс сөздері:
Абай лирикасының келесі қабаты — орыс сөздері. Олар сан жағынан араб-парсы қабатынан әлдеқайда кем болганымен, әрі қарайғы орын тебу бағыты жағынан басым тұседі. Бұл бағытқа себепкер, ең алдымен, қазақ қоғамының сол кезеңдегі және әрі қарай әлеуметтік, саяси, экономика күй-қалпы болса, екіншіден, қазақтың ұлттық жазба тілінің демократтық сипатта дамуы еді. Абай мен Ыбырай орыс тілі элементтерін текжалпыхалықтық сөйлеу тәжірибесінен емес, тікелей орыс әдеби тілінен алды. Абайдың жалпы халықтық қолданыс тауып пайдаланған сөздерінің көпшілігі әкімшілік, заң, шаруашылық салаларына қатысты. Олар: болыс, кандидат, ояз, сияз, старшын, майыр, шен, партия, сот, шар, закун, закуншік, кателешке, бодан, расход, кір, лапке, барқыт, самаурын, пәтер, сома, бақалшік, мәліш (сауда), аршепке, барабан, зауыт, машине.
Абайда өзіне дейінгі және өз тұсындағы қазақ әдеби үлгілерінде көздеспейтін бір топ орыс сөздері бар. Олар адвокат, доктор, губернатор, начальник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь, такт, номер, химия, трагедия, единица, ноль, образование, назначение, посредник, жеребе, прошение, дезнание, прямота, икра, фабрик, электр, румке, стакан, счет дегензат есімдер мен уөздный, военный, здравомыслящий, уголовный, самородный (сары алтын), виноват деген сын есімдер және гуляйттау, пошел, занимайся деген етістіктер.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход /  Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход /  Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход /  Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход /  Изменить )

w

Connecting to %s